Skip to main content

Жоғары қысым құбырлары

 

Жоғары қысым құбыры (ЖҚҚ) — жұмыс күшін беруге арналған қысым астындағы су эмульсиясының немесе минералды майлар, сұйық жанармай, консистентті майлау, гликоль негізіндегі арнайы гидравликалық және мотор сұйықтықтарын тасымалдауға арналған иілгіш құбыр. Құрылымы жалғастырушы фитингтермен жабдықталған, металл еспемен және ораммен арматураланып, бір-біріне орналастырылған екі немесе одан артық резеңке құбырдан тұрады. ЖҚҚ әртүрлі машиналар мен механизмдердің гидравликалық жүйелерінде қолданылады.

ЖҚҚ түрлері

Заманауи өндірушілер диаметрлері әртүрлі, жұмыс ортасы мен температура ықпалдарына қарсы төзімді, жұмыс қысымы олардың құрылымымен тікелей байланысты жоғары қысым құбырларын жасап шығарады. Қазіргі таңда, сіз техникаларда ЖҚҚ кездестіре аласыз:

  • 1SN, 1SC типті бір орамды;
  • 2SN, 2SC типті екі орамды;
  • 3SK типті үш орамды;
  • 4SP, 4SH, R12 типті төрт өрмелі;
  • R13, R15 типті алты өрмелі;
  • 2SN, 2SC, 3SK, 4SH аязға қарсы төзімді құбырлар.

ЖҚҚ қолдану саласы

Жоғары қысым құбыры басқару жүйелері гидравликалық немесе пневматикалық жетектердің механизмдерімен басқарылатын, өнеркәсіптің барлық салаларында сұранысқа ие:

  • құрылыс техникасы
  • ауылшаруашылық техникасы;
  • тау өндіру техникасы;
  • орман даярлау техникасы;
  • авиация;
  • коммуналды шаруашылық;
  • мұнай газ саласы.

Біздің компания Италия мен Еуропаның басқа бөліктерінде орналасқан әлем бойынша үздік өндірушілер шығаратын жоғары сапалы ЖҚҚ ұсынады. Біз металлургиялық және тау-өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейтін, Volvo, DoosanMega тиеу көліктеріне, KOMATSU, HYTACHI, DEMAG, LIEBHERR экскаваторларына және басқа арнайы техникаға арналған аса жауапты ЖҚҚ құрастырумен айналысамыз.

Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании
Партнеры компании